Түркістанда толық циклді тоқыма өндірісін қамтитын мақта агроөнеркәсіп кешені іске қосылды
Сурет авторы: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан қаласында тоқыма өнеркәсібінің жаңа кезеңі басталды. «Turan» арнайы экономикалық аймағында толық циклді тоқыма өнімдерін шығаратын мақта агроөнеркәсіп кешені іске қосылды. Атап айтқанда, жіп иіру және мата өндіруге маманданған «Түркістан тоқыма» (Kazakhstan Lihua) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ірі өндірістік кешені өз жұмысын бастады. Бұл жоба өңір ғана емес, ел көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің дамуы үшін маңызды қадам саналады.
Кәсіпорынның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Ол жаңа өндіріс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған өңдеу өнеркәсібін дамыту, шикізатқа тәуелділіктен арылу міндеттерімен толық сәйкес келетінін атап өтті. Әкімнің айтуынша, мақта кластерін дамыту – өңір үшін басым бағыттардың бірі.
– Мемлекет басшысы Жолдауында дайын өнім шығаруға көшу қажеттігін нақты айтты. Түркістан облысында біз мақта кластерін жүйелі түрде дамыта бастадық. Бұл бізге мақта-шикізаттың сыртқы нарықтағы бағасына тәуелді болмауға және мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Алдағы бес жылда мақта өсіруден бастап, дайын киім тігетін толық циклді кәсіпорындар құрылады. «Түркістан тоқыма» – осы бағыттағы алғашқы әрі аса маңызды жоба. Біздің мақсат – тек шикізат экспорттау емес, жоғары қосылған құны бар өнім шығару. Инвестиция тарту арқылы Түркістан облысы дотациялық өңірден өзін-өзі қамтамасыз ететін индустриялық аймаққа айналады, – деді Нұралхан Көшеров.
Өндірістік кешеннің жалпы инвестициялық құны 86,2 млрд теңгені құрайды. Жобаға «Turan» арнайы экономикалық аймағынан 42 гектар жер бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, биыл алғашқы кезең іске қосылды. Қазіргі таңда 430 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал 2026 жылдың желтоқсанына дейін зауыттың қалған үш кезеңін толық аяқтау жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде қосымша шамамен 2000 адам жұмысқа орналасады. Бұл Түркістан облысы үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш болып саналады. Жаңа жұмыс орындары халықтың әл-ауқатын арттырып, ішкі көші-қонды азайтуға және білікті кадрларды өңірде сақтауға ықпал етеді.
Кәсіпорын толық қуатына шыққан кезде жыл сайын 11,4 мың тонна жіп, 47,3 млн шаршы метр мата, 2 млн төсек-орын жиынтығы және 4 млн көрпе өндіру жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіштер отандық жеңіл өнеркәсіптің импортқа тәуелділігін азайтып, ішкі нарықты сапалы қазақстандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өнімнің едәуір бөлігі экспортқа бағытталады.
Сарапшылардың пікірінше, жоба Түркістан өңіріндегі жеңіл өнеркәсіптің жүйелі дамуына, мақта саласының тиімділігін арттыруға және экспорттық әлеуетті күшейтуге серпін береді. Арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндіктері отандық және шетелдік инвесторлар үшін тартымды өндірістік алаң қалыптастыруға жол ашады. «Түркістан тоқыма» жобасы – өңір экономикасын әртараптандыруға, жаңа индустриялық бағыттарды дамытуға және Түркістанды жаңа экономикалық орталыққа айналдыруға бағытталған нақты қадам.
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысында жалпы құны 53 млрд теңгеге жуық импортты алмастыратын 20 жоба іске асырылуда. Индустриялық аймақтарда жалпы құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар 6361 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде оның 50-і іске қосылып, 2609 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ал «Turan» арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 211,8 млрд теңгені құрайтын 28 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын