$ 479.26 € 546.21 ₽ 6.13

Түркістанда қызметтік міндетін атқару кезінде полиция капитаны қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
02 шілде 2026, 17:34
Түркістанда қызметтік міндетін атқару кезінде полиция капитаны қаза тапты Сурет авторы: ІІМ

Түркістанда қызметтік міндетін орындау кезінде болған жол апатынан полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков қаза тапты. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2 шілде күні патрульдік полиция экипажы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жеңіл көлік жүргізушісін тоқтату үшін шақыртуға шыққан. Алайда Саттарханов даңғылы мен Тараз көшесінің қиылысында қызметтік Chevrolet Cobalt көлігі жол апатына ұшыраған.

Апат салдарынан полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция департаменті марқұмның қызметтік антына адал болып, өз міндетін абыроймен атқарғанын атап өтті. Ведомство оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасына көңіл айтып, министрлік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар