$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Түркістанда атыс болды: қайтыс болған және жараланғандар бар

Дулат Абдраманов
04 қараша 2025 14:57 431
Түркістанда атыс болды: қайтыс болған және жараланғандар бар Сурет авторы: Yanosh Nemesh / Shutterstock / Fotodom

4 қараша күні әлеуметтік желілерде Түркістан облысында болған атыс жайлы ақпарат тарады. Бұл оқиғадан 17 жастағы жасөспірім қаза тауып, тағы үш адам жараланғаны хабарланды.

Оқиға 2 қараша күні Түлкібас ауданындағы Көктөбе ауылында болған. Белгісіз адамдар оқ атып, салдарынан 17 жастағы жас жігіт қайтыс болған. 22 және 30 жастағы екі адам түрлі жарақат алған.

Түркістан облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады.

«2 қарашаға қараған түнде Түлкібас ауданында атыс фактісі тіркелді. Бір адам көз жұмды, үшеуі медициналық мекемеге жеткізілді. Күдіктілердің тұлғалары анықталды, олардың бірі ұсталды», – делінген полиция мәлімдемесінде.

Аталған факті бойынша «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Екінші күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар