$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Түркістанда араққа тыйым салынуы мүмкін

Редакция
18 желтоқсан 2024 05:26 4731
Түркістанда араққа тыйым салынуы мүмкін Сурет авторы: turantv.kz

Мәжіліс депутаттары Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңға алкоголь өнімдерін сатуға, тұтынуға және мас күйінде көшеде жүруге тыйым салатын норманы енгізуді ұсынды.

"Түркістанды рухани астана деп отырмыз. Бүкіл қазақ осы жерден рух алуы керек, ол жерде бабаларымыз, әулие, батыр билеріміз жатыр. Ертең шетелден көп қонақ келеді. Сол кезде біздің азаматтарымыз арақ ішіп, алдынан шығатын болса, ұят қой. Сондықтан осы заң аясында арақсыз қала, рухани қала деп, араққа тыйым салуға бола ма?" — деп сұрады Ардақ Назаров.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл мәселенің өзекті екенін атап өтті. Оның айтуынша, өңірде «Ішімдіксіз ауыл» жобасы аясында 30-ға жуық ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан. Әкімдік өкілі Түркістанда алкогольге тыйым салу туралы бастаманың талқыланатынын айтты.

«Бұл бастама ақсақалдар тарапынан қолдау тапты, сондай-ақ әртүрлі форматтарда талқыланды. Сонымен бірге, Түркістанның рухани-мәдени орталық ретіндегі мәртебесімен қатар, туристік саланы дамыту да негізгі бағыттардың бірі болып саналады. Сондықтан бизнес өкілдерінің бұл мәселе бойынша әртүрлі көзқарасы бар», – деп атап өтті Бейсенбай Тәжібаев.

Түркістанда алкогольге тыйым салу туралы ұсыныс заң тұрғысында қаралатын болады.

Соңғы жаңалықтар