$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Түркістан-Самарқанд әуе рейсі ашылды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1287
Түркістан-Самарқанд әуе рейсі ашылды

Түркістан-Самарқанд бағытында Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында алғашқы халықаралық әуе рейсі ашылды.

 «Qazaq air» әуекомпаниясына тиесілі ұшақпен Түркістаннан аттанған 80-ге жуық саяхатшыны самарқандықтар ерекше салтанатпен қарсы алған. Рейстер заманауи, жайлы «De-Havilland Dash 8-Q400» әуе лайнерлерімен аптасына 2 рет, жұма және жексенбі күндері орындалмақ. Түркістан қаласынан жергілікті уақыт бойынша 20:20-да, ал Самарқандтан 21:20-да ұшады.

 «Бірегей туристік ресурстарға ие Орталық Азия өңірі туризм саласын қарқынды дамытып келеді. Бұл тұрғыда екі ел арасында тәжірибе алмасу, туризм бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр», - делінген Түркістан өңірлік коммуникация қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар