$ 474.63 € 544.5 ₽ 5.92

Түркістан өңірінде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде: Сарыағаш жастары үлгі көрсетті

Редакция
30 шілде 2026, 18:41
Түркістан өңірінде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде: Сарыағаш жастары үлгі көрсетті Сурет авторы: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сарыағаш ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында бастама көтерген белсенді жастар ауқымды сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Шара барысында еріктілер аудан орталығындағы саябақ пен жол бойларын тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартып, ағаштарды әктеп, қураған бұтақтарын кесті. Жиналған қоқыс арнайы қаптарға салынды да, белгіленген полигондарға шығарылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Экологиялық шараға қатысқан белсенділердің бірі Қайрат Сапарбеков туған өлкеміздің тазалығы әрбір азаматтың ортақ парызы екенін атап өтті:

«Туған жеріміздің тазалығы – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Осындай игі шаралар қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруға да ықпал етеді. Барша жастарды осындай бастамалардан шет қалмай, туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесін қосуға шақырамын. Жыл соңына дейін ауданның белсенді жастары болып тағы да тазалық шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Айта кетейік, облыс аумағында тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған осындай іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Ағымдағы жылдың басынан бері өңір бойынша 3 мыңнан астам тазалық акциясы ұйымдастырылып, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Соңғы жаңалықтар