Түркістан облысында тағы бір отбасы үшеммен толықты
Сурет авторы: Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысында ана мен бала денсаулығын қорғау және аймақтағы туу көрсеткішін арттыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың кезекті оң нәтижесі тіркелді. Өңірдегі жоғары демографиялық өсім қарқыны аясында Түркістан облыстық №2 облыстық перинаталдық орталығында 2026 жылдың алғашқы үшемі дүние есігін ашты, деп хабарлайды Түркістан облысының әкімдігі.
Медициналық мәліметтерге сәйкес, көпұрықты жүктіліктің 32-аптасында мерзімінен бұрын басталған босану процесіне байланысты, дәрігерлер консилиумының шұғыл шешімі қабылданды. Ана мен нәрестелердің өміріне төнген қауіптің алдын алу мақсатында білікті мамандар жедел түрде кесарь тілігі әдісімен хирургиялық ота жасап, үш қыз баланы аман-есен босандырып алды.
Шала туған нәрестелердің алғашқы антропометриялық көрсеткіштері төмен деңгейде тіркелді. Бірінші сәбидің салмағы - 1775 грамм, екіншісі - 1990 грамм, ал үшіншісі - 1850 граммды құрады. Мерзімінен бұрын жарық дүниеге келгендіктен, балалардың ағзасы сыртқы ортаға бейімделмеген және тыныс алу жүйесі қосымша қолдауды қажет етті. Осыған байланысты, алғашқы минуттардан бастап нәрестелер перинаталдық орталықтың реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне, кейіннен арнайы күтімді қажет ететін нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылды.
22 тәулікке созылған үздіксіз медициналық бақылау, арнайы инкубаторлық күтім және неонатолог-дәрігерлердің кешенді терапиясының арқасында балалардың денсаулығы толықтай тұрақтанды. Ауруханадан шығару сәтінде үшемдердің салмағы тиісінше 2018 грамм, 2010 грамм және 2008 граммға жетіп, өздігінен қоректену және физиологиялық даму көрсеткіштері қалыпқа келді. Бақытты отбасы сәбилерге Сафия, Садия және Самия есімдерін берді.
Үшемдердің анасы - 38 жастағы Оринбаева Турсунай, мамандығы дефектолог-логопед және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейді. Ал әкесі - Мамуржан Оринбаев, жалпы орта мектепте еңбек пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Бұл отбасы бұған дейін де үш баланы (екі қыз және бір ұл) тәрбиелеп отырған болатын. Жаңадан қосылған үшеммен бірге отбасындағы бала саны алтыға жетіп, олар көпбалалы отбасы мәртебесін иеленді.
Анасының айтуынша, жүктіліктің 14-аптасында №2 облыстық перинаталдық орталықтың Ана мен баланы қорғау бөлімінде ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) кезінде дәрігерлер үшем күтіп отырғанын айтқан. Бұл хабарды естіген сәтте отбасында үлкен толқыныс пен қобалжу болғанымен, медицина қызметкерлерінің кәсіби қолдауы сенімділік ұялатқан.
Түркістан облысы туу көрсеткіші және демографиялық өсім деңгейі бойынша республикада алдыңғы қатарда келеді. №2 облыстық перинаталдық орталықтың ресми статистикалық мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы бұл мекемеде 3 үшем дүниеге келген болатын. Ал екі мың жиырма алтыншы жылдың басынан бері орталықта жалпы саны 1810 нәресте өмір есігін ашса, соның ішінде 35 егіз және жыл басынан бергі алғашқы үшем ретінде осы сәбилер тіркеліп отыр.
Мұндай күрделі жағдайдағы жүктілікті сәтті басқару және шала туған нәрестелерді аман-есен өмірге бейімдеу аймақтағы ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесінің, заманауи медициналық технологиялардың және ақ халатты абзал жандардың жоғары кәсіби біліктілігінің айқын көрінісі болып табылады. Салтанатты түрде перзентханадан шығарып алу рәсімінде Оринбаевтар отбасы облыстық денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне, ота жасаған хирургиялық топқа және нәрестелерді күтіп-баптаған неонатологтарға өздерінің шексіз ризашылығын білдірді.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын