$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Түркістан облысында ұлынaн таяқ жеген қарияның мәйіті қайта қазылды

Абдрахманов Мағжан
16 қыркүйек 2025, 10:59
Түркістан облысында ұлынaн таяқ жеген қарияның мәйіті қайта қазылды Сурет авторы: видеодан кадр

Түркістан облысы Шардара ауданында туған ұлы ұрып-соққан қарияның мәйіті қайта қазылды.

Ақсақал биыл 3 қыркүйекте көз жұмған. Ол тірі кезінде жүрек гипертензиясы мен омыртқа остеохондрозы диагнозымен дәрігерлердің бақылауында болған. Бірақ алған жарақатына байланысты медициналық көмекке жүгінбеген.

Қазір марқұмның денесіне сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысында қарияның өліміне ұлының қатысы бар-жоғы анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар