$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Түркістан облысында шетелдік азамат өмір бойына сотталды

Абдрахманов Мағжан
24 желтоқсан 2025, 10:26
Түркістан облысында шетелдік азамат өмір бойына сотталды Сурет авторы: shutterstock

Түркістан облысында Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында 16 жастағы қызды зорлап, өлтірген Өзбекстан азаматына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Otyrar хабарлады.

Қайғылы оқиға 6 маусымға қараған түні болған. Қыз отбасына тиесілі дүкеннен үйіне қайтып келе жатып, із-түзсіз жоғалған. Мектеп оқушысын туыстары, ауыл тұрғындары және полиция түні бойы іздеп, оның мәйітін балабақша маңындағы жолдан тапқан.

Сот процесі жабық режимде өтті. 38 жастағы Өзбекстан азаматы «Адам өлтіру», «Зорлау» және «Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім етіп, жәбірленуші тарапқа 50 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді. Сотталған адам жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді.

Соңғы жаңалықтар