$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Түркістан облысында сабақ кезінде 5-сынып оқушысы көз жұмды

Редакция
31 қазан 2025 16:15 412
Түркістан облысында сабақ кезінде 5-сынып оқушысы көз жұмды

Түркістан облысының Шардара ауданында мектеп оқушысы дене шынықтыру сабағында қаза тапты.

Қайғылы жағдай Қ. Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектепте болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, сабақ кезінде оқушы құлап, жарақат алған.

Мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі мен фельдшер алғашқы көмек көрсетіп, баланы аудандық ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, оқушы ота кезінде қайтыс болды.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ал Шардара аудандық білім бөлімі прокуратураның ұсынысына сәйкес, тергеу аяқталғанша дене шынықтыру мұғалімін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылдамақ.

«Бұл мәселе алдағы аптада қаралады. Сабақ басталғанға дейін мұғалім уақытша жұмысынан шеттетіледі», — деді аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен жасөспірім жол апатынан қаза болған еді.

Соңғы жаңалықтар