Түркістан облысында Орта Азияда теңдесі жоқ мақта кластері құрылды: үш ірі зауыт іске қосылды
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мен өңдеу саласын түбегейлі жаңғыртатын стратегиялық жоба – көпфункционалды «Түркістан мақта-тоқыма агроөнеркәсіп кешені» іске қосылды. Отырар ауданында жүзеге асқан жоба аясында елдегі ең ірі заманауи мақта өңдеу зауыты, тамшылатып суару жүйелерін өндіретін кәсіпорын және жасанды интеллект негізіндегі орталық басқару станциясы пайдалануға берілді.
Жоба шеңберінде іске қосылған мақта өңдеу зауыты – Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Сонымен қатар жылына 800 млн метр суару лентасын өндіруге және 50 мың гектар егістік алқабын заманауи тамшылатып суару жүйесімен қамтамасыз етуге қауқарлы зауыт жұмысын бастады. Барлық өндіріс пен суару процестерін біріктіретін, жасанды интеллектке негізделген орталық басқару станциясы да іске қосылды. Шетелден арнайы әкелінген механикаландырылған жүйе арқылы 30 мың гектар егістік алқап бір орталықтан автоматтандырылған режимде басқарылып, бақыланады.
Бұл бастама – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде су үнемдеу технологияларын жедел енгізу, агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының нақты нәтижесі.
Аталған жоба Түркістан облысында мақта шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңін бастайды. Орта Азия аумағында баламасы жоқ мақта кластері толық өндірістік циклді қамтиды: мақта өсіруден бастап, оны иіру, тоқу, тігін және дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі барлық кезең бір экожүйеге біріктіріледі. Бұл өңір экономикасын шикізаттық бағыттан арылтып, қосылған құны жоғары дайын өнім өндірісіне көшуге мүмкіндік береді.
Жобада қолданылған тамшылатып суару технологияларының нәтижесінде су шығыны екі есеге қысқарып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі үш есе артқан. Инновациялық тәсілдің арқасында бір гектардан орта есеппен 50–60 центнер мақта өнімі алынуда. Бұл климаттың өзгеруі жағдайында ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған тиімді шешім ретінде бағаланып отыр.
Іске қосу рәсімінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жобаның маңызын ерекше атап өтті.
– Бүгін – тарихи күн. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» – соның ең ірілерінің бірі. Түркістан облысы – Қазақстанда мақта өсірілетін жалғыз өңір. Басты мақсатымыз – мақтаны тек шикізат ретінде емес, жоғары қосылған құны бар дайын өнімге дейін терең өңдеу. Қытайлық серіктестермен бірлесіп 30 мың гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен мақта егілді, нәтижесінде жоғары өнімге қол жеткіздік. Құны 21,1 млрд теңгені құрайтын екі мақта өңдеу зауыты жылына 180 мың тонна мақта-шикізатты өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл – бүкіл өңір халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам, – деді өңір басшысы.
Жалпы, мақта-тоқыма кластері аясында Түркістан облысында 10 зауыт іске қосылады. Оның төртеуі – егістікке жақын орналасқан мақта өңдеу кәсіпорындары, екеуі – су үнемдеу технологияларын қолдана отырып тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыттар, тағы төртеуі – тоқыма кәсіпорындары, оның ішінде тігін және бояу-әрлеу фабрикалары бар. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 200 млрд теңгеден асады. Нәтижесінде 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жұмысшылар үшін арнайы қалашықта барлық қажетті жағдай жасалған.
Кластердің қажеттілігін өтеу үшін ПВХ құбырларын өндіретін зауыт іске қосылып, бірқатар тоқыма фабрикаларының құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы TURAN арнайы экономикалық аймағында толық циклді тоқыма өнімдерін шығаратын ірі кешен ашылды. Бұл кәсіпорын жылына 11,4 мың тонна иірім жіп, 47,3 млн шаршы метр мата, 2 млн төсек-орын жиынтығы және 4 млн көрпе шығаруға қауқарлы.
Жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар Түркістан облысының агроөнеркәсіптік әлеуетін жаңа деңгейге көтеріп, өңір экономикасының тұрақты өсуіне негіз қалайды. Алдағы бес жылда мақта өсіруден бастап дайын киім шығаруға дейінгі толық өндірістік жүйе қалыптасып, Түркістан облысы Орта Азиядағы жетекші мақта-тоқыма орталығына айналмақ.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын