$ 476.97 € 562.59 ₽ 6.27

Түркістан облысында оқушылар сабақта карта ойнаған: мектеп директоры жұмыстан қуылды

Абдрахманов Мағжан
15 сәуір 2026, 10:16
Түркістан облысында оқушылар сабақта карта ойнаған: мектеп директоры жұмыстан қуылды Сурет авторы: видеодан кадр

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында сабақ кезінде карта ойнаған оқушыларға қатысты оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды, деп хабарлады білім басқармасы. Тексеріс нәтижесінде бірқатар жауапты тұлғаға шара қолданылған.

Мәліметке сәйкес, 11-сынып оқушылары сабақ үстінде карта ойнаған, ал алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі бұл жағдайға мән бермей, телефонмен сөйлесіп отырған. Осы оқиғадан кейін арнайы тексеріс жүргізілген.

Тексеріс қорытындысы бойынша мектеп директоры тараптардың келісімімен қызметінен кеткен. Сондай-ақ оқиғаға жол берген мұғалім өз еркімен жұмыстан шыққан. Тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарлар да қызметінен босатылып жатыр.

Оқушылардың ата-аналарына ресми ескерту жасалған. Білім басқармасы бұл жағдай оқу үдерісіндегі бақылаудың әлсіреуінен туындағанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар