$ 491.29 € 562.92 ₽ 6.1

Түркістан облысында Көрісу күні кең көлемде аталып өтілді

Редакция
14 наурыз 2026, 17:09
Түркістан облысында Көрісу күні кең көлемде аталып өтілді

Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында 14 наурыз – Көрісу күніне орай ерекше челлендж өтті. Ұлттық дәстүрді дәріптеуге бағытталған шараға жергілікті тұрғындар, ақсақалдар мен ақжаулықты аналар белсенді қатысты.

Челлендж барысында үлкендер бір-бірімен көрісіп, жастарға ізгі тілектерін айтып, ақ баталарын берді. Бұл бастама арқылы қазақ халқының көне салттарының бірі – көрісу дәстүрінің маңызы кеңінен насихатталды.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Наурызнама» онкүндігі өткізіледі. Арнайы жоспарға сәйкес, мерекеге дейінгі әрбір күн белгілі бір атаумен аталып, сол тақырып аясында түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар