$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Түркістан облысында кальян шеккендерді жазалап жатыр

Редакция
18 ақпан 2025 09:22 3804
Түркістан облысында кальян шеккендерді жазалап жатыр Сурет авторы: polisia.kz

Түркістан облысында қоғамдық орындарда кальян шеккені үшін 30-дан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

«Заң және тәртіп» қағидасы аясында Түркістан қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары ойын-сауық орындарында рейд жүргізді. Бұл шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабына сәйкес, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болды.

Рейд барысында тәртіп сақшылары алты азаматты және үш ойын-сауық орнының иесін анықтап, олардың үстінен әкімшілік хаттама толтырды. Мәселен, Түркістан қаласындағы бір мекемеде 25 жастағы қыздың кальян шеккені тіркелді. Оған әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Жаңа қала» шағынауданындағы кафелердің бірінде келушілерге кальян ұсынған әкімші де жауапқа тартылды.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері осындай 30-дан астам заң бұзушылықты анықтап, құқық бұзушыларға қатысты заңға сәйкес шара қолданды.

Соңғы жаңалықтар