Түркістан облысында екі жаңа мәдениет үйі ашылды
Сурет авторы: Түркістан облысы әкімдігі
Түркістан облысында мәдени инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірде ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыру, мәдениет саласын қолдау мақсатында жаңа мәдениет нысандары пайдалануға беріліп жатыр.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында Сарыағаш және Келес аудандарында кітапханалары бар жаңа мәдениет үйлері ел игілігіне тапсырылды. Ашылу рәсімдеріне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтады.
Өңір басшысы мәдениет саласын дамыту – ұлттық руханиятты нығайтудың маңызды бағыты екенін атап өтті.
– Мәдениет – ұлттың рухани тірегі, елдігіміздің айнасы. Облыс құрылғаннан бері 26 мәдениет үйі мен клубтың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының мәдени өмірін жандандырып, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Жаңа мәдениет үйлері – елдің басын қосатын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды рухани орталықтар, – деді Нұралхан Көшеров.
Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округінің Мәдениет ауылында кітапханасы бар 75 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 291 миллион теңге бөлінген. Заманауи ғимаратта көрермен залы, кітапхана, шығармашылық үйірмелерге арналған кабинеттер мен қызметтік бөлмелер орналасқан.
Айта кетейік, Мәдениет ауылы өткен жылы облыстық «Үлгілі ауыл» байқауында ІІ орын алған. Сондай-ақ ауылда облыстық бюджет есебінен балаларға арналған спорт және ойын алаңшасы да салынған.
Ал Келес ауданының Жүзімдік ауылдық округінде 149 орындық жаңа мәдениет үйі мен кітапхана пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай бой көтерген нысанда көрермен залы, кітапхана, конференц-зал, хореография кабинеті, шығармашылық үйірмелерге арналған бөлмелер қарастырылған. Мұнда мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге және жастардың өнерін дамытуға барлық жағдай жасалған.
Облыс әкімінің айтуынша, Түркістан өңірінде мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінде Сарыағаш ауданында бес, Келес ауданында төрт мәдениет үйі пайдалануға берілген. Сонымен қатар биыл Келес ауданында жаңа аудандық музейдің құрылысын аяқтап, ел игілігіне беру жоспарланып отыр.
Салтанатты рәсімдер барысында ауыл ақсақалдары мен облыс әкімі жаңа мәдениет үйлерінің лентасын қиып, нысандарды ресми түрде пайдалануға берді.
Соңғы жаңалықтар
-
Құрылтайда қай партия қанша орын алды?
4 минут бұрын
-
Құрылтай сайлауының түпкілікті қорытындысы жарияланды
16 минут бұрын
-
Ұлттық қордан қайтадан миллиардтаған қаржы алынбақ
1 сағат бұрын
-
Жолға арқан керіп қойған: Риддерде мотоцикл мінген 13 жастағы қыз қаза тапты
2 сағат бұрын
-
Қазақстанда инфляция 2028 жылдан бастап 6–8 пайызға дейін төмендеуі мүмкін
2 сағат бұрын
-
АҚШ-та жұмыс визасы үшін 103 мың доллар жиынтық төлем енгізу ұсынылды
2 сағат бұрын
-
Қазақстандағы такси реформасы халыққа қалай әсер етеді
2 сағат бұрын
-
Елімізде қатерлі ісікті ерте анықтау көрсеткіші айтарлықтай артты
3 сағат бұрын
-
Электрлі самокатпен енді қай жерде жүруге болады: жаңа ережелер күшіне енді
3 сағат бұрын
-
Қазақстанда көлік сақтандыру құны жүргізушінің тәртібіне қарай есептелмек
19 сағат бұрын
-
Пашинян: ҰҚШҰ Арменияны ұйымнан шығарса, қуанар едім
19 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар үшін өмірлік зейнетақы төлемдерінің жаңа түрлері енгізіледі
19 сағат бұрын
-
Тоқаев Зеленскийді Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
20 сағат бұрын
-
Тоқаев халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне 1500 АЕК-ке дейін сыйақы табыстады
22 сағат бұрын
-
Путин Тоқаев пен «Әділетті» сайлаудағы жеңісімен құттықтады
22 сағат бұрын
-
Қазақстандықтардың үштен бірінен астамы жазда демалмаған
22 сағат бұрын
-
Мирзиёев Тоқаевты Құрылтай сайлауының өтуімен құттықтады
1 күн бұрын
-
eGov арқылы QR-кодпен шекарадан өтудің пилоттық жобасы іске қосылды
1 күн бұрын
-
Құрылтайдағы 145 мандат партиялар арасында қалай бөлінеді?
1 күн бұрын
-
Зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляцияны өтей алмай отыр
1 күн бұрын
-
Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен бюджетке 30 млрд теңге түспеген
1 күн бұрын
-
ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
1 күн бұрын
-
Мемлекеттік үй мен жеңілдетілген ипотека ережелері өзгереді: 20% және 50% квота кімдерге беріледі?
1 күн бұрын
-
Ресейдегі Ozon қоймасына жасалған шабуылдан кейін компания ресми мәлімдеме жасады
1 күн бұрын
-
«Украинаны қақ бөледі»: Зеленский сайлау өткізу қаупі туралы айтты
1 күн бұрын
-
АҚШ Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған қаржылық шабуыл бастайды
1 күн бұрын
-
Экзитпол: «Әділет» партиясы 70 пайыздан астам дауыс жинады
1 күн бұрын
-
Елена Рыбакина US Open турнирінің микст сайысынан шығып қалды
1 күн бұрын
-
АҚШ соты Қазақстан азаматтарына иммиграциялық виза беруге қойылған шектеуді алып тастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды
1 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауында дауыс бергендер саны 53 пайыздан асты
1 күн бұрын
-
Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауында үйінен дауыс берді
1 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауынан кейін Үкімет құрамында өзгерістер болады – Тоқаев
1 күн бұрын
-
«Сіздер жақсы білетін адам»: Тоқаев болашақ Вице-президент туралы айтты
2 күн бұрын
-
Тоқаев келесі президент сайлауына қатыса ма? Президент жауап берді
2 күн бұрын
-
Тоқаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
2 күн бұрын
-
ШҚО әкімі отбасымен бірге Құрылтай сайлауында дауыс берді
2 күн бұрын
-
«Еліміз үшін тарихи күн»: Ерлан Қошанов дауыс берді
2 күн бұрын
-
Ауысым арасында – сайлауға: Алматыда «Алматы паркинг» ұжымы азаматтық белсенділік танытты
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауы: сағат 10:00-де сайлаушылардың 17,6%-ы дауыс берді
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауында саясаткерлерден кімдер дауыс беріп үлгерді?
2 күн бұрын
-
Мәулен Әшімбаев вице-президенттікке тағайындалу ықтималдығы туралы сұраққа жауап берді
2 күн бұрын
-
Алматыдағы №102 учаскесіне сайлаушылар ашылған кезден келе бастады
2 күн бұрын
-
Магистратура грантына ие болғандардың тізімі қашан жарияланады
3 күн бұрын
-
Сайлау қарсаңында заң бұзған жеті қазақстандық жауапқа тартылды
3 күн бұрын
-
"290 млн теңге салық төлемеген": Қазақстандық әйел Ресейден елге қайтарылды
3 күн бұрын
-
Тоқаев сыйлаған сағат 2,9 млн теңгеге сатылымға қойылды
3 күн бұрын
-
23 тамыз – сайлау күні: Алматыда түрлі сала өкілдері азаматтарды дауыс беруге үндеді
3 күн бұрын
-
«Росатом» Қазақстандағы АЭС салынатын жерде зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын екенін мәлімдеді
4 күн бұрын
-
ФИФА Қазақстандағы балалар футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді
4 күн бұрын