Түркістан облысында балаларға арналған оңалту орталығы ашылмақ
Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты Ораңғай ауылында психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған 50 орындық жаңа оңалту орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Нысан Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында ашылады.
Жалпы аумағы 9 мың шаршы метрді құрайтын және құны 3,2 млрд теңге болатын орталықта тұрғын бөлмелер, топтық және жеке оңалту сабақтарына арналған кабинеттер, емдік дене шынықтыру залы, психолог, психиатр, невролог, логопед бөлмелері, физиотерапия блогы мен асхана қарастырылған. Сонымен қатар мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған 50 бала ем қабылдайды. Жартылай стационардағы күндізгі бөлімге көршілес аудандардан тағы 30 бала қабылданбақ.
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Әбдиев құрылыс барысымен танысып, ғимараттың ішкі жабдықталуын көрді. Орталықта әлеуметтік бейімдеу бөлмелері, сенсорлық құрал-жабдықтар, компьютерлік сынып, кітапхана, емдік дене шынықтыру залы, аквабөлме, Монтессори бөлмелері, акт және спорт залдары бар. Ерекше емдеу әдістерінің бірі ретінде Оңтүстік Кореядан әкелінген механикалық ат құрылғысы қолданылады. Ол әр екі минут сайын жаттығу формаларын ауыстырып, иппотерапияның 10 түрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
– «Кедергісіз орта – бұл абстрактілі ұғым емес, адамдардың өмірін дәл қазір өзгертетін нақты шешімдер. Ораңғайдағы орталық – «AMANAT» партиясының сайлауалды уәделерінің орындалып жатқанын көрсетеді. Ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін бұл – кәсіби көмекке жол, ал ата-аналары үшін – сенім мен қолдау. Біз мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғауды жалғастырып, әрбір заң мен бағдарламада олардың мүддесін ескереміз», – деді Ерлан Әбдиев.
Қазір елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 16,9 мың баланы қамтитын 1,8 мың инклюзия кабинеті, сондай-ақ 5,5 мың баланы қамтитын 688 бейімделген спорт секциясы жұмыс істейді. Өткен жылы Мәжілісте «Инклюзивті Парламент» тобының бастамасымен мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар маңызды нормалар қабылданды. Соның ішінде I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға баспана алу құқығын бірінші кезекте беру және жоғары оқу орындарына қабылдау квотасын 1%-дан 2%-ға арттыру бекітілді.
Соңғы жаңалықтар
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
23 минут бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
31 минут бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
47 минут бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын