$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Түркістан облысында 12 шенеунік пен бухгалтер сотты болды. Оларға қандай айып тағылған?

Редакция
20 қараша 2024 07:13 2289
Түркістан облысында 12 шенеунік пен бухгалтер сотты болды. Оларға қандай айып тағылған?

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджеттен 3,7 млрд теңгені жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады.

Шардара ауданының білім бөлімінің басшылары мен бухгалтерлер жалпы 12 адам бірігіп ақша жымқырды деп айыпталуда. Тергеу олардың 2020-2023 жылдар аралығында өз шоттарына, сондай-ақ "өлі жандарға" жалақы ретінде ақша аударғанын анықтады.

"Қабылданған шаралармен жалпы сомасы 639,8 млн теңгеге залал өтелді және мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны туралы есеппен прокуратураға  жіберілді", - делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар