Түркістан облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 560 миллион долларға жетті
Сурет авторы: Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бахтиер Ибрагимовпен ресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Түркістан облысының әкімдігі. Кездесу барысында Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және туризм салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Аталған бағыттағы жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев арасындағы жоғары деңгейдегі келісімдер мен бастамалар аясында жүзеге асырылып келеді. Екі ел басшыларының өзара сенімі мен достық қарым-қатынасы өңіраралық ынтымақтастықтың дамуына тың серпін беріп отыр. Кездесуде өзара тауар айналымын арттыру, бірлескен өндіріс орындарын құру, өңіраралық байланысты нығайту және туристік әлеуетті бірлесе дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров екі ел арасындағы әріптестіктің маңыздылығына тоқталып, Түркістан облысы мен Өзбекстанның шекаралас өңірлері тарихи, мәдени және экономикалық тұрғыдан тығыз байланыста екенін атап өтті. Өңір басшысы былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңның маңызын тілге тиек етіп, бұл құжат өңірдің дамуына жаңа серпін бергенін жеткізді. Қазіргі таңда екі ел Президенттері бекіткен «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жөніндегі Жол картасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Басқосуда Түркістан облысының экономикалық және инвестициялық әлеуеті кеңінен таныстырылды. Бүгінде облыс ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша республикада көш бастап тұр. Сонымен қатар аймақ ет өнеркәсібінде жетекші рөл атқарып, Қазақстан бойынша ірі қара еті экспортының 80 пайызын және ұсақ мал еті экспортының 75 пайызын қамтамасыз етеді. Өңірде инвесторлар үшін қолайлы ахуал қалыптасқан, қазіргі таңда 21 индустриялық аймақ және «Turan» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Бұл алаңдарда инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер мен жобаларды тиімді іске асыруға қажетті барлық инфрақұрылымдық мүмкіндіктер қарастырылған.
Өз кезегінде Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Бахтиер Ибрагимов Түркістан облысының әлеуетін жоғары бағалап, қос ел арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға күш салатынын жеткізді. Елші мырза өзбекстандық кәсіпкерлер мен инвесторларды осы өңірге бағыттау жұмыстары жүйелі жүріп жатқанын, әсіресе туризм мен кәсіпкерлікті дамыту маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Тарихи-мәдени байланыстар ескеріле отырып, Түркістан қаласының туристік инфрақұрылымын бірлесе дамыту мәселесі қолдау тапты.
Түркістан облысы үшін инвестиция тарту - басым бағыттардың бірі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 560 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт үлесі - 409,5 млн, ал импорт - 150,5 млн АҚШ долларына тең болды. Сондай-ақ Өзбекстаннан тартылған тікелей инвестициялар көлемі 292,8 млн АҚШ долларына жеткен. Қазіргі таңда аймақта мақта-тоқыма кластерін құру, ірі ет өңдеу кешенін салу, Сауран ауданында заманауи суару жүйелерін өндіретін зауыт ашу және балық шаруашылығын дамыту жобалары кезең-кезеңімен сәтті жүзеге асырылып жатыр. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және өзара тиімді жобаларды бірлесіп іске асыруға уағдаласты.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын