Түрікменстанда президент кортежі үшін жол жабылып, жүкті әйел көз жұмды
Сурет авторы: azathabar.com
Түрікменстанның Лебап уәлаятында президент Сердар Бердімұхамедовтің сапары кезінде жолдардың жабылуы жүкті әйелдің өліміне себеп болды. Бұл жөнінде Азатлык радиосының Түрікмен қызметі аймақтағы полиция және денсаулық сақтау саласындағы сенімді дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Дереккөздердің айтуынша, әйел Түрікменабат қаласында ауруханаға жете алмай, жолда қайтыс болған.
Медициналық қызметкердің айтуынша, әйелді күйеуі өз көлігімен алып шыққан, себебі жедел жәрдем жолға шығуға рұқсат ала алмаған.
"Күйеуі әйелін өз көлігімен алып келе жатқан. Алайда жолда қауіпсіздік қызметі оларды өткізбей қойған. Әйел уақтылы медициналық көмек ала алмады, нәтижесінде өз өмірінен және іштегі баласынан айырылды", – дейді дәрігер.
Бұл оқиға 15 қазан күні болған. Сол күні президент Бердімұхамедов Түрікменабаттағы Ниязов атындағы химия зауытында минералды тыңайтқыштар өндіретін жаңа кешеннің іргетасын қалау рәсіміне қатысқан.
Президент сапары кезінде қаладағы негізгі көшелер мен жолдар толықтай жабылған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көліктері де аурухана аумағынан шыға алмаған.
"Сол күні Түрікменабаттағы барлық дерлік жол жабылды. Қауіпсіздік қызметі біздің ауруханадан жедел жәрдем көліктерін шығармады. Сол күні шақыртқан тұрғындардың ешқайсысына жедел көмек көрсетілмеді", – дейді «Эне мыхры» орталығының қызметкері.
Полиция дереккөзі оқиғаның куәсі болғанын айтып, күйеудің жолды жапқан күш құрылымдарына жалбарынып, тізерлеп көлікті өткізуге өтінгенін, бірақ оған рұқсат берілмегенін жеткізді.
"Ол тізерлеп жалынып, көзіне жас алған. Бірақ полицейлер көлікті өткізбеді. «Тар көшелер арқылы аудандық ауруханаға барыңдар» деп жауап берген. Әйелі жолда көз жұмды. Ауруханаға жеткенде дәрігерлер «тым кеш» екенін айтты", – дейді ол.
Келесі күні қауіпсіздік қызметінің өкілі қайтыс болған әйелдің күйеуімен кездесіп, оқиға туралы ешкімге айтпауға қатаң ескерту жасаған.
"Қауіпсіздік қызметі ер адамның үйін күзетіп отыр. Ол әділдік іздеп, президентке шағымданатынын және бұл оқиғаны БАҚ пен БҰҰ-ға жеткізетінін айтқан. Бірақ оған «балаларыңның болашағын ойла» деп қоқан-лоқы көрсетілген", – дейді полиция қызметкері.
Азатлык тілшісінің Лебап уәлаятының билік органдарынан, соның ішінде полиция мен денсаулық сақтау басқармасынан ресми түсініктеме алу әрекеті сәтсіз аяқталған.
Айта кетейік, Түрікменстанда жоғары лауазымды тұлғалардың аймақтарға сапары кезінде жолдар мен көшелер бірнеше сағатқа жабылып, тұрғындар қозғалысы шектеледі. Бұл жағдайлар ел халқының тұрмысын қиындатып, медициналық көмекке дер кезінде қол жеткізуді тежеп келеді.
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
4 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
7 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
7 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
8 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
8 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
8 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
9 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
9 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
10 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
11 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
12 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
12 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
13 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
14 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
14 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
14 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын