$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Trump Hotel маңында Tesla көлігі жарылды: ChatGPT қолданылғаны анықталды

Редакция
09 қаңтар 2025 01:29 4773
Trump Hotel маңында Tesla көлігі жарылды: ChatGPT қолданылғаны анықталды

Лас-Вегастағы Trump Hotel қонақ үйінің алдында болған жарылысқа байланысты 37 жастағы арнайы күштер сержанты Мэттью Ливелсбергер күдікке ілінді. Ол ChatGPT көмегімен жарылғыш құрылғы жасау әдісін біліп, оқиғаны ұйымдастырған болуы мүмкін, деп хабарлайды "ресейлік BBC қызметі".

АҚШ құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті ChatGPT-ден жарылғыш заттарды қалай жасау керектігін және қажетті материалдарды алу үшін қандай заңдарды айналып өту керектігін сұраған.

Кларк округінің шерифі Кевин Макмахилл бұл оқиғаға алаңдаушылық білдірді:
"Жасанды интеллект ерте ме, кеш пе бүкіл өмірімізді өзгертетіні белгілі. ChatGPT алғаш рет АҚШ-та нақты жарылғыш құрылғыны жасауға көмектесу үшін пайдаланылды деп ойлаймын,"– деді ол.

OpenAI өкілі бұл оқиғаға байланысты қайғылы екенін айтып, компанияның жасанды интеллект құралдарын жауапкершілікпен қолдануды ұстанатынын жеткізді:
"Біздің модельдер зиянды нұсқаулар бермеуге және қауіпті мазмұнды азайтуға бағытталған. Бұл жағдайда ChatGPT тек интернетте бар ақпаратты ұсынды және заңсыз әрекеттер туралы ескерту жасады," – деп түсіндірді OpenAI.

Құқық қорғау органдары мен OpenAI тарапынан тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар