Трипл 7: Ұлттық Қорда жаңа рекорд және ол енді ешқашан сарқылмайтын болады
Сурет авторы: ашық дереккөзден
2025 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың активтері 77,7 миллиард доллардан асуы тиіс. Қазақстан тарихында Ұлттық қордағы ақша мұндай межеге бірінші рет жетіп отыр. Біз үшін бұған дейін қордың ең биік нүктеге көтерілгені 2014 жыл болатын. Сол уақытта, 11 жыл бұрын Ұлттық қор 75,2 миллиард долларға дейін өсті.
Бірақ 2014 жылғы кризисте Назарбаев Үкіметке Ұлттық қордың ақшасын барынша пайдалануға пәрмен берді де, сол уақыттан бері атқарушы билік трансферттер арқылы қорды жыл сайын жұлмалап келді. Соның кесірінен тіпті осы қор сарқылады деген қауіптер пайда болғаны есте. Соңғы 10 жылда Ұлттық қордың аянышты халі 2022 жылы тіркелген еді. Пандемия мен постпандемияның бюджеттік трансферттері өсіп, қор активтері 57,9 миллиард долларға дейін құлдырады. Бірақ одан кейін қор біртіндеп өсе бастады.
2024-2025 жылғы Ұлттық қордың жақсы өсуіне мұнайдың ешқандай әсері болған емес. Тіпті бұл кезеңде мұнай бағасы барреліне 72 доллардан 60 долларға арзандап, мұнайдан келетін ақша азайып кеткенін айту керек. Табыс пен жетістіктің барлығы Ұлттық Банктің қордың ақшасын дұрыс инвестициялауынан келді. Біз инвестициялық саясатты өзгертіп, кірісі тым аз дамыған елдердің ААА категориялы облигацияларынан кірістілігі көбірек дамушы елдердің суверенді қарыздары мен акциялар нарығына ойыса бастадық. Соның арқасында 2025 жылдың 9 айында 12,6 миллиард доллар инвестициялық табыс таптық. Бұл мұнай секторы әкелген ақшадан кемінде 40 пайызға көп.
Ұлттық қор 2001 жылы құрылған болатын. Сол жылы оған ең алғашқы ақша – Шеврон төлеген 600 миллион доллар салынды. 10 жылдан кейін, яғни 2011 жылы Қазақстан Ұлттық қордың қазынасын 46 миллиард долларға дейін арттырды. Бірақ тағы 10 жылдан кейін - 2021 жылы қор активтері 59,5 миллиард долларға әрең жетті. Яғни осы 10 жыл мерзім ішінде бар-жоғы 13-14 миллиард долларға ғана өсе алды. Себебі, 2014 жылғы президент шешімі қордың болашағын тұманды қылған еді. Сол жылдары қордан ағылған трансферттер халыққа қызмет етпеді. Олар ФИИР деген түрлі өтірік жобалар арқылы элитаның ақша жымқыруына мүмкіндік берді.
Енді Ұлттық қорды ешкім сарқып бітіре алмайды. Биыл Ұлттық қордан алынатын трансферт 2,77 триллион теңгемен шектелді. Мысалы, былтыр 5,25 триллион теңге алынған еді. Демек, акциялар нарығында тұрақтылық сақталса, биыл тағы 13 миллиард доллар қоса аламыз да, 2026 жылдың соңында Ұлттық қорды 90 миллиард долларға дейін толтыруға мықты мүмкіндік бар. Сол күнге жетейік.
Айбар Олжаев
Соңғы жаңалықтар
-
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды
18 минут бұрын
-
Жамбыл облысында жаңа туған сәби қоқыс жәшігінен табылды
15 сағат бұрын
-
Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрлігіне қайта оралды
16 сағат бұрын
-
Оқушылардың жасы ұлғайған сайын анемия мен дәрумен тапшылығы жиілей түседі
16 сағат бұрын
-
2017 жылдан бері іздеуде болған қазақстандық терроризм үшін 8 жылға сотталды
20 сағат бұрын
-
АҚШ пен Иран қайта соққы алмасты
21 сағат бұрын
-
Ұлттық банк зейнетақы қорындағы ақшаны сақтаудың жаңа жолын ұсынды
21 сағат бұрын
-
Билл Гейтс дабыл қақты: Біз өзіміз ойлап тапқан технологияның тұтқынына айналып бара жатырмыз
22 сағат бұрын
-
Пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанада баға қанша?
22 сағат бұрын
-
Зеленский әуе компанияларға Ресей үстімен ұшу қауіпті екенін ескертті
23 сағат бұрын
-
Ozon сатушыларға тауарларын Алматы мен Астана қоймаларына орналастыруды ұсынды
23 сағат бұрын
-
Дрондардан кибершабуылға дейін: Астанада әлемдік авиация ұйымының басшылары бас қосады
23 сағат бұрын
-
Қазақстанда 23 мыңнан астам азамат күзгі әскерге шақырылды
23 сағат бұрын
-
Қазақстанда инста-психологтар дәуірі аяқталды: бүгіннен бастап жаңа заң күшіне енді
1 күн бұрын
-
Жетісу облысында жол апатынан алты адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Иран АҚШ келісімге қайта оралса, атысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
«БҰҰ атына жиі сын айтылады, бірақ оның баламасы жоқ» – Тоқаев
1 күн бұрын
-
Тоқаев күш көрсету мен текетіреске негізделген әлемдік тәртіптен бас тартуға шақырды
1 күн бұрын
-
Шабуылға ұшыраған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу ұсынылды
1 күн бұрын
-
Риддерде 600 орындық заманауи мектеп пайдалануға берілді
1 күн бұрын
-
«Әділет» Құрылтайдағы спикерлерін 13 бағыт бойынша бөлді
1 күн бұрын
-
Шетелдіктер үшін Қазақстанға кіру ақылы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
«Иран өлді»: Дональд Трамп Тегеранға соққы беретінін айтып сес көрсетті
1 күн бұрын
-
Инфляция бір жарым жылда алғаш рет 10%-дан төмендеді
1 күн бұрын
-
Тоқаев: Қарулы қақтығыстардың салдары соғыс аймағынан тыс жерлерге де таралып жатыр
1 күн бұрын
-
Пәтер мен Lexus-ті пайызсыз береміз деген: Amanat Drive қаржы пирамидасының басшылары сотталды
1 күн бұрын
-
2027 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апару құқығына кімдер ие болды
1 күн бұрын
-
Айбек Дәдебай Құрылтайдың заң шығару жұмысындағы басымдықтарды атады
1 күн бұрын
-
Қырғызстан мен Қытай шекарада көпір салып, мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды
1 күн бұрын
-
«Отбасы банк» басшылары 2025 жылы қанша миллион теңге сыйақы алды
1 күн бұрын
-
2027 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қанша болады?
1 күн бұрын
-
Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады
1 күн бұрын
-
Тоқаев Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
1 күн бұрын
-
Елордадағы ең қарбалас көшелердің бірінде көлік қозғалысы шектелді
1 күн бұрын
-
Моди Путинді Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды
2 күн бұрын
-
Тоқаев пен Путин Бішкекте кездесті
2 күн бұрын
-
Air Astana-ның бұрынғы басшысы айына шамамен 57 млн теңге сыйақы алған
2 күн бұрын
-
Елімізде жаңа оқу жылында 4 миллионнан астам бала мектепке барады
2 күн бұрын
-
Еліміздегі топ-5 банктің бірін грузиялық инвестор сатып алуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы балалар нейрохирургиялық роботы Өскеменге орнатылады
2 күн бұрын
-
Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жекеменшік мектептерді мемлекеттік қаржыландыру мөлшері бекітілмек
2 күн бұрын
-
Алматыда бензин, газ және дизельмен жүретін көліктер қосымша тексеріледі
2 күн бұрын
-
Журналистердің кулуарда депутаттарға сұрақ қоюына шектеу қойылды
2 күн бұрын
-
Orda.kz жобасы жұмысын тоқтатады
2 күн бұрын
-
Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
2 күн бұрын
-
Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринге бірқатар міндет жүктеді
2 күн бұрын
-
Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Тоқаев пен Путин Бішкекте кездеседі: Қос ел лидерлерінің кездесуінде қандай мәселелер талқыланады
2 күн бұрын
-
Қар жаууы мүмкін: қыркүйек айының басында күн күрт суытады
2 күн бұрын