$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Трамп Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесіне шақырды

Абдрахманов Мағжан
19 қаңтар 2026, 11:24
Трамп Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесіне шақырды Сурет авторы: Ақорда

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанды Газа мәселесі бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына шақырды. Бұл ақпаратты Tengrinews агенттігіне Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растады.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік көшбасшылардың арасында алғашқылардың бірі болып аталған кеңеске ресми шақырту алған. Сондай-ақ Қазақстан бұл бастаманың құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болуға ұсыныс алған.

«Иә, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлем көшбасшыларының ішінде алғашқылардың бірі болып Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алды. Қазақстанға да жаңа бірлестіктің құрылтайшы елдерінің бірі болу ұсынылды. Мемлекет басшысы АҚШ президентіне шынайы ризашылығын білдіріп, бұл бастамаға қатысуға келісетінін растайтын жауап хат жолдады», – деді Руслан Желдібай.

Соңғы жаңалықтар