$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Трамп Тоқаевқа Ақ үйдің кілтін сыйлады

Редакция
23 желтоқсан 2025, 10:36
Трамп Тоқаевқа Ақ үйдің кілтін сыйлады Сурет авторы: ruslanzheldibay

Америкалық лидер Қазақстан президентін «тамаша адам және тәжірибелі мемлекет қайраткері» деп сипаттады.

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірнеше сыйлық жіберді, деп хабарлады – президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін АҚШ президенті Қазақстан елшісі Мағжан Ілиясовпен кездесіп, Тоқаевпен Ақ үйде өткен кездесу жайлы өз әсерін бөліскен.

«Америкалық лидер Қазақстан президентіне жылы лебізін жолдап, оған деген құрметін білдірді және оны «тамаша адам және халықаралық процестерді терең әрі салмақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері» деп сипаттады», – деп жазды Желдібай.

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірнеше сыйлық та жіберді, олардың ішінде Ақ үйдің символдық кілті және өзінің қолтаңбасы бар бейсболка бар.

 

Соңғы жаңалықтар