$ 479.02 € 551.11 ₽ 5.82

Трамп Путиннің кімнен қорқатынын айтты

Абдрахманов Мағжан
17 наурыз 2026, 11:22
Трамп Путиннің кімнен қорқатынын айтты Сурет авторы: Chris McGrath / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин Еуропадан емес, АҚШ-тан қорқады деп мәлімдеді. Ол бұл туралы 16 наурызда Вашингтонда сөйлеген сөзінде айтты.

Трамптың сөзінше, НАТО-ның негізгі күші – Америка Құрама Штаттары.

«НАТО – бұл біз. Путиннен сұраңыздар. Ол Еуропадан мүлде қорықпайды. Ол АҚШ-тан және мен бірінші президенттік мерзімімде құрған армиядан қорқады», – деді Трамп.

Бұған дейін Трамп Financial Times басылымына берген сұхбатында егер одақтастар Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеспесе, НАТО-ның болашағы «өте нашар болуы мүмкін» екенін айтқан.

АҚШ президенті Ұлыбритания, Франция және басқа да еуропалық елдерді, сондай-ақ Қытай, Жапония мен Оңтүстік Кореяны Ормуз бұғазын ашу бойынша күш-жігерге қосылуға шақырған. Бұл теңіз жолы арқылы әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен бестен бір бөлігі өтеді.

Алайда НАТО құрамындағы бірқатар мемлекет бұл бастаманы іс жүзінде қолдамаған.

Сонымен қатар Трамп АҚШ одақтастарымен бірге Украинадағы соғысты бейбіт жолмен реттеу бағытында жұмысты жалғастырып жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар