$ 537.53 € 620.52 ₽ 6.71

Трамп Путинмен Украина бойынша келіссөздерді президенттік мерзімінің басында өткізуі мүмкін

Редакция
23 желтоқсан 2024 02:19 2782
Трамп Путинмен Украина бойынша келіссөздерді президенттік мерзімінің басында өткізуі мүмкін Сурет авторы: Valery Sharifulin/TASS

Дональд Трамп: Ресей-Украина соғысын тоқтату – менің басты мақсатым

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Финиксте өткен Turning Point USA іс-шарасында жақтастарымен сөйлесіп, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі өзінің президенттік мерзімінің басында өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды CNN.

Трамптың айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату оның басым міндеттерінің бірі болмақ.

«Бұл соғысты тоқтату – менің мүмкіндігінше тезірек орындағым келетін басты мақсаттарымның бірі. Президент Путин де менімен жақын арада кездесуді қалайтынын айтты. Сондықтан біз күтуіміз керек», – деді Трамп.

Бұған дейін Путин Дональд Трамппен ықтимал келіссөздерге «дайын» екенін мәлімдеген болатын.

Трамп 2025 жылдың 20 қаңтарында президент қызметіне кірісіп, ұлықтау рәсімінде ант береді.

Соңғы жаңалықтар