$ 505.71 € 591.43 ₽ 6.65

Трамп пен Зеленский Давоста не туралы сөйлесті?

Абдрахманов Мағжан
23 қаңтар 2026, 09:50
Трамп пен Зеленский Давоста не туралы сөйлесті? Сурет авторы: REUTERS/Jonathan Ernst

Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум аясында АҚШ пен Украина президенттері Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің кездесуі өтті. Украина тарапының хабарлауынша, келіссөздер жабық режимде ұйымдастырылып, шамамен бір сағатқа созылған.

Ресми кездесуден кейін мемлекет басшылары қысқа уақыт жеке форматта да сөйлескен. Украина президентінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Дмитрий Литвин журналистерге бұл жүздесуді «сәтті өтті» деп бағалады.

АҚШ президенті Дональд Трамп та келіссөзге оң көзқарас білдіріп, оны «өте жақсы кездесу» деп атады. Ол әңгіме барысында басты ойының соғысты тоқтату қажеттігі болғанын жеткізген. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Кейін Владимир Зеленский форум мінберінен сөйлеген сөзінде Трамппен өткен кездесудің мазмұнын тарқатып айтты. Оның сөзінше, тараптар қауіпсіздік кепілдіктері, соғыстан кейінгі Украинаны қалпына келтіру, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізу және келіссөз жүргізетін топтардың жұмысына қатысты мәселелерді талқылаған.

Украина президенті кездесуді «өнімді» деп атап, Киев пен Вашингтон арасында дайындалып жатқан құжаттардың сапасы бұдан әрі жақсара түсетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар