$ 536.32 € 626.9 ₽ 6.6

Трамп пен Путин Венгрияда кездеседі

Абдрахманов Мағжан
17 қазан 2025 09:42 180
Трамп пен Путин Венгрияда кездеседі Сурет авторы: AP Photo / Julia Demaree Nikhinson

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, алдағы уақытта Венгрия астанасы Будапештте кездесу өткізетінін мәлімдеді.

Трамп бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, тараптар әуелі жоғары деңгейдегі кеңесшілердің кездесулерін өткізуге келіскен.

«Біз келесі аптада АҚШ пен Ресейдің жоғары лауазымды кеңесшілерінің кездесуін өткізуге уағдаластық. Алғашқы кездесулерге АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио және тағы бірқатар тұлғалар қатысады. Мекенжай кейін нақтыланады. Одан соң мен және президент Путин Будапешт қаласында келісілген күні кездесіп, Ресей мен Украина арасындағы “масқара соғысты” тоқтатудың жолдарын талқылаймыз», – деп жазды Трамп.

Сондай-ақ АҚШ Президенті 17 қазанда Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесу өткізетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар