$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Трамп пен Путин Сауд Арабиясында кездесуі мүмкін

Редакция
13 ақпан 2025 01:33 4729
Трамп пен Путин Сауд Арабиясында кездесуі мүмкін Сурет авторы: Ресей президентінің баспасөз қызметі

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен алдағы кездесуін Сауд Арабиясында өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды америкалық БАҚ.

Журналистер екі көшбасшының кездесуі мүмкін орны туралы сұрағанда, Трамп бұл мәселені Ақ үйдегі жұмыс кеңсесінде талқылағанын айтты. Сонымен қатар, ол Ресейге баруға дайын екенін және өз кезегінде Путинді АҚШ-та қабылдауға ниетті екенін жеткізді.

"Біз оның осында келуінен бастаймыз, мен де Ресейге барамын. Алғашқы кездесуіміз Сауд Арабиясында өтуі мүмкін", – деді Трамп.

Бұған дейін АҚШ пен Ресей көшбасшылары Украинадағы қақтығысты және оны тоқтату жолдарын талқылап, ұзақ телефон арқылы сөйлескені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар