$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Трамп пен Путин кездесуі Швейцарияда өтуі мүмкін

Редакция
13 қаңтар 2025 01:07 3573
Трамп пен Путин кездесуі Швейцарияда өтуі мүмкін Сурет авторы: РИА Новости

Швейцария Дональд Трамп пен Владимир Путиннің келіссөздерін ұйымдастыруға әзір екенін мәлімдеді. Бұл туралы Le Temps басылымы хабарлады.  

Елдің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Николя Бидоның айтуынша, Швейцария Украина, Ресей және АҚШ тараптарына бейбітшілік орнату жолындағы кез келген дипломатиялық бастаманы қолдайтынын үнемі жеткізіп келеді.  

«Бургеншток саммитінен бері біз бұл бағытта жүйелі түрде ақпарат таратып келеміз», – деді Бидо.  

АҚШ президенті қызметіне 20 қаңтарда кірісетін Дональд Трамп бұған дейін Ресей президенті Владимир Путинмен «соғысты тоқтату мақсатында» кездесуге дайындалып жатқанын айтқан болатын.  

Ал Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге берген мәлімдемесінде президенттердің кездесуі бойынша нақты жоспар жоқ екенін, бірақ Мәскеу Трамптың диалог орнату ниетін жылы қабылдайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар