$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Трамп пен Путин ертең Украинадағы соғысты талқылайды

Редакция
17 наурыз 2025 03:10 1639
Трамп пен Путин ертең Украинадағы соғысты талқылайды Сурет авторы: Ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп 18 наурыз, сейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесіп, Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқыламақ.  

"Мен сейсенбіде Президент Путинмен сөйлесемін. Демалыс күндері көп жұмыс атқарылды. Бұл соғысты тоқтатуға бола ма, соны білгіміз келеді. Бәлкім бұл мүмкін емес шығар, бірақ менің ойымша, бізде жақсы мүмкіндіктер бар", — деді Трамп.  

Оның айтуынша, әңгіме барысында "аумақтар мен электр станциялары" туралы да сөз қозғалады.

Соңғы жаңалықтар