$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

Трамп көмекті қысқартса, Британия Украинаға әскер жіберуге дайын

Редакция
13 қараша 2024 01:48 1519
Трамп көмекті қысқартса, Британия Украинаға әскер жіберуге дайын Сурет авторы: dia.dp.gov.ua

Корольдіктің бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон Егер АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп қаржыландыруды қысқартса, Ұлыбритания көмекке келеді деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Лондон Киевке көмек қолын созуға дайын, өйткені Украинаның соғыста жеңілуі тиімсіз.

"Неліктен біз украиндықтарды қолдаймыз? Себебі ұжымдық қауіпсіздігімізге Ресей қатты нұқсан келтіреді және Еуропаның әртүрлі бөліктеріне қауіп төндіретіні сөзсіз. Біз Украинаны қорғауға британдық әскерлерді жіберу үшін ақы төлеуіміз қажет"

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі британдық әскерлерді Украинаға ел сарбаздарын даярлау үшін жіберуді жоспарлағанымен, шиеленістен қашу үшін әскерді соғыс шебіне қоюдан жасқанған болатын.

Украиналық сарбаздарды оқытатын британдық медициналық қызметкерлер жібергенімен, олар әлі де жеткіліксіз.

Соңғы жаңалықтар