$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Трамп Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты

Абдрахманов Мағжан
07 қараша 2025 08:27 396
Трамп Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты Сурет авторы: Ақорда

Ақ үйде өткен келіссөз барысында АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанға ресми сапармен келуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Журналистің «Қазақстан мен АҚШ жалпы құны 17 миллиард долларды құрайтын келісімдер жасады. Қай саладағы келісім маңызды? Сіздің Қазақстанға сапарыңыз жоспарда бар ма?» деген сауалына жауап берген Дональд Трамп бұл ықтимал жоспар екенін айтты.

– Бұл әбден мүмкін. Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз. Сіздің еліңіз табиғи ресурстарға бай, сондай-ақ парасатты Президентіңіз бар, – деді АҚШ басшысы.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың Ақ үйдегі келіссөздері аясында жалпы құны 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Құжаттар авиация, минералдық ресурстар және цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты қамтиды.

Соңғы жаңалықтар