$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Трамп: Канада АҚШ-тың бір бөлігі болуы үшін экономикалық күш қолданамыз

Редакция
08 қаңтар 2025 02:14 4039
Трамп: Канада АҚШ-тың бір бөлігі болуы үшін экономикалық күш қолданамыз Сурет авторы: Truth Social / @realDonaldTrump

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Канаданың Құрама Штаттардың бір бөлігі болуына ешқандай мүмкіндік жоқ екенін мәлімдеді. Алайда, АҚШ президенті Дональд Трамптың пікірі мүлде өзгеше. Трюдо мәлімдеме жасаған күні Трамп Truth Social желісінде Канаданы Құрама Штаттардың құрамында көрсеткен картаны жариялап, күтпеген әрекет жасады.

Трюдоға жауап ретінде Трамп: “Канада АҚШ-тың бір бөлігі болуы үшін экономикалық күш қолданамыз”, – деп мәлімдеді. Бұған қоса, ол Құрама Штаттардың жыл сайын Канадаға 100 миллиард доллар көлемінде субсидия бөлетінін және мұның олардың Канадаға деген сүйіспеншілігінен екенін атап өтті. Бірақ бұл жағдай ұзаққа созылмайтынын, сондықтан Канаданың штаттардың бір бөлігі болуын ұсынғанын айтты.

"Біз Канаданы қорғауға жылына 200 миллиард доллардан астам қаражат жұмсап келеміз. Осы мәселеде Трюдодан: “Егер біз субсидиялауды тоқтатсақ, не болады?” – деп сұрадым. Ол: “Канада ыдырайды”, – деп жауап берді", – деді Трамп. АҚШ президенті бұл қаржыландырудың жалғасуы бюджет тапшылығына әкелуі мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдірді.

Соңғы жаңалықтар