$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Төтенше жағдайлар министрлігінде жаңа комитет пайда болды

Редакция
16 шілде 2024, 07:04
Төтенше жағдайлар министрлігінде жаңа комитет пайда болды Сурет авторы: gov.kz

Қазақстанда Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды. Бұл туралы үкімет қаулысында айтылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бұл жобаны жүзеге асыру 1 638 715 000 теңге көлемінде қосымша қаржылық шығын қажет.

«Жобаны іске асыру орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуды бақылауға мүмкіндік береді», - делінген түсіндірме жазбада.

Соңғы жаңалықтар