$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Төрт есе жылдам: Енді ChatGPT суреттерді тез жасап береді

Редакция
17 желтоқсан 2025, 12:00
Төрт есе жылдам: Енді ChatGPT суреттерді тез жасап береді Сурет авторы: foxbusiness

АҚШ-тың OpenAI компаниясы сурет жасауға арналған ChatGPT Images моделін іске қосты деп хабрлайды inform buro.

Модель суреттерді дәлірек өңдеуге мүмкіндік береді, бөлшектерді сақтай отырып редакциялауға болады. Генерация жылдамдығы төрт есе артқан. 16 желтоқсаннан бастап модель барлық ChatGPT пайдаланушыларына қолжетімді болды.

Сонымен қатар көптеген қолданушы үшін суретпен жұмыс істеу интерфейсі жаңартылды. Олар суреттегі нақты аймақтарды бөліп, сол жерді өңдеуге немесе жаңа элементтер қосуға мүмкіндік алады. Корпоративтік клиенттер үшін бұл модель алдағы уақытта қол жетімді болады.

Соңғы жаңалықтар