$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Топ-менеджерлер кеңседе отыруды талап ететін tech-компаниялардан шыға бастады

Редакция
13 мамыр 2024 04:27 1981
Топ-менеджерлер кеңседе отыруды талап ететін tech-компаниялардан шыға бастады Сурет авторы: vedomosti.ru

Apple, Microsoft және SpaceX компаниялары кеңседе отыруды міндеттегеннен кейін, бұл tech-компанияларда жұмыс істеуден бас тартатын топ-менеджерлердің саны артты. Бұл туралы Мичиган университеті мен Чикаго университетінің зерттеушілері мәлімдеді, деп хабарлайды Washington Post.

Ғалымдар Microsoft-та жоғары лауазымды қызметкерлердің үлесі 5%, Apple-де 4%, SpaceX-те 15%-ға төмендегенін анықтады.

"Біздің қорытындымыз кеңсеге міндетті түрде қайтару компанияларға бұрын ойлағаннан да қымбатқа түсетінін көрсетеді", – деді Мичиган университетінің зерттеушісі Дэвид Ван Дейк.

Соңғы жаңалықтар