$ 518.39 € 603.09 ₽ 6.68

Төлқұжат дизайны өзгермек: Жаңа паспорт қандай болмақ?

Дулат Абдраманов
08 желтоқсан 2025, 21:12
Төлқұжат дизайны өзгермек: Жаңа паспорт қандай болмақ?

Қазақстан жаңа төлқұжаттың қандай болуы мүмкін екеніне қатысты алғашқы жобаларды көрсетті.

2025 жылдың 10 қазанында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин еліміздің төлқұжаты жаңартылатынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, жаңа құжатта минималистік стиль басым болып, заманауи қорғаныс элементтері енгізіледі. Сондай-ақ дизайнда ұлттық болмыс пен елдің мәдени әралуандылығын бейнелейтін символика сақталмақ.

Осы бағытта бірнеше жоба ұсынылып үлгерді. Солардың ішінде дизайнер Айсұлтан Мұбарак таныстырған нұсқа көпшіліктің назарын аударды. Оның жобасында ультражарық технологиясы қолданылған: қараңғы жерде төлқұжат бетінде Қазақстан туының бейнесі жарқырап көрінеді.

Ұсынылған нұсқалар әзірге концепт күйінде. Қорытынды дизайн кейін бекітіледі, ал жаңа паспорттар кезең-кезеңімен қолданысқа енгізілмек.

Соңғы жаңалықтар