$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

Тоқаевтың Ресейге не үшін баратыны белгілі болды

Абдрахманов Мағжан
10 қараша 2025 14:26 6831
Тоқаевтың Ресейге не үшін баратыны белгілі болды Сурет авторы: Алексей Даничев / ТАСС

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11–12 қараша күндері Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өңірлік өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Кездесулер қорытындысы бойынша бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар