Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды
Сурет авторы: Ақорда
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барды. Сапар аясында Мемлекет басшысы Жалпы дебатта сөз сөйлеп, бірқатар мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен кездеседі. Сонымен бірге трансұлттық компаниялардың өкілдерімен келіссөздер өткізіп, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру жоспарланған.
🔹 Cameco корпорациясымен кездесу
Сапар канадалық Cameco компаниясының президенті Тим Гитцельмен кездесуден басталды. Тараптар уран өндірісіндегі ынтымақтастықты талқылады. Президент Тоқаев Cameco-ның «Қазатомөнеркәсіптің» сенімді серіктесі екенін атап өтіп, Қазақстанда 500 млн доллардан астам инвестиция құйғанын және технология трансферіне үлес қосқанын айтты. Сондай-ақ Қазақстан үш атом электр стансасын салуды көздеп отырғанын жеткізді.
🔹 Goldman Sachs өкілдерімен келіссөз
Тоқаев Goldman Sachs Global Institute компаниясының президенті Джаред Коэнмен жүздесті. Президент Қазақстанның толық цифрлық мемлекетке айналу жоспары аясында жасанды интеллект пен қаржы экожүйесін цифрландыруға қызығушылық білдірді. Ал Джаред Коэн банк әзірлеп жатқан Digital Asset Platform тәжірибесімен бөлісті.
🔹 ETS компаниясымен ынтымақтастық
Мемлекет басшысы ETS компаниясының президенті Амит Севакпен кездесті. Әңгіме барысында білімді бағалау мен тестілеу саласындағы серіктестік жайы сөз болды. Президент Қазақстанның білім беру жүйесінде ETS тәжірибесін қолдануға мүдделі екенін айтты.
🔹 Смитсон институтымен мәдени байланыс
Қасым-Жомарт Тоқаев Смитсон орталығының директоры Халле Батвинмен жүздесіп, АҚШ-та қазақ мәдениетін дәріптеп жүргені үшін алғыс білдірді. Президент мәдени дипломатия Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеретініне сенім артты.
ℹ️ Смитсон институты – әлемдегі ең ірі мәдени, ғылыми және білім беру кешендерінің бірі. Оның құрамына 21 музей мен галерея, 14 ғылыми орталық, кітапханалар мен ұлттық зообақтар кіреді.
📌 Президенттің сапары барысында Қазақстанның халықаралық бастамалары мен инвестициялық әлеуетін кеңінен таныстыру жалғасады.
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
17 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
2 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
2 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
3 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
4 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын