$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тоқаевтың АҚШ-тағы сапары басталды

Абдрахманов Мағжан
06 қараша 2025, 07:58
Тоқаевтың АҚШ-тағы сапары басталды Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен АҚШ-тың астанасы – Вашингтонға барды.

Президентті әуежайда АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау қарсы алды. Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ Президенті Дональд Трамппен екіжақты кездесу өткізуі және «Орталық Азия – АҚШ» (C5+1) форматындағы саммитке қатысуы жоспарланып отыр.

Вашингтонға келген сәтінде Мемлекет басшысын АҚШ-та оқып жүрген қазақ студенттері қарсы алды. Президент жастармен емен-жарқын сөйлесіп, олардың оқуына табыс, мақсаттарына жету жолында сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар