$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тоқаевтан кейін Путин де Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» шақырту алды

Абдрахманов Мағжан
19 қаңтар 2026, 17:39
Тоқаевтан кейін Путин де Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» шақырту алды Сурет авторы: Andrew Harnik / Getty Images

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамп бастамашы болып отырған «Бейбітшілік кеңесіне» шақырту алды. Бұл ақпаратты Кремль растады.

Кремль өкілдерінің хабарлауынша, ресми ұсыныс қазіргі таңда зерделеніп жатыр, сондай-ақ бастаманың мазмұны мен шарттарын нақтылау үшін америкалық тараппен байланыс орнату жоспарланған.

Бұған дейін аталған кеңестің құрамына кіруге шақыртуды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған болатын.

Сондай-ақ Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан да бұл бастамаға қатысатынын растады.

БАҚ деректеріне сәйкес, «Бейбітшілік кеңесіне» қатысты шақыртулар Еуропа елдері мен Таяу Шығыс мемлекеттерінің бірқатар басшыларына да жолданған. Алайда олардың барлығы әзірге ресми шешімдерін жариялаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар