Тоқаев: «Жеке абыройымды ойласам, мен де бұл жұмысты келесі ұрпаққа ысыра салар едім»
Сурет авторы: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы реформалар неге дәл қазір басталғанын түсіндірді. Бұл туралы Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтты.
Президенттің айтуынша, Үкімет энергетикалық және коммуналдық нысандарды жаппай жаңғыртуға кіріскен. Қазіргі таңда жүздеген шақырым инженерлік желілер мен электр қуатын тарататын инфрақұрылымды салу және жаңарту бойынша ауқымды жобалардың есеп-қисабы әзірленіп жатыр.
«Қазірдің өзінде қауіпті “қызыл” аймақта тұрған жылу электр станцияларының саны 19-дан 10-ға дейін азайды. Қабылданған шаралардың нәтижесі көріне бастады, нысандардың апаттық жағдайға тап болу қаупі сейіліп келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы тек тозған инфрақұрылымды жөндеу жеткіліксіз екенін атап өтті. Оның сөзінше, басты мәселе – саланың жұмыс тәсілін түбегейлі өзгертіп, инвестиция тартуға мүмкіндік беретін нақты нарықтық тетіктерді қалыптастыру.
«Әбден тозып, әупіріммен әрең тұрған инфрақұрылымды қалпына келтіру жеткіліксіз, жұмыс тәсілін өзгерту керек», – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мемлекеттің өмір сүруіне тікелей әсер ететін негізгі тірек екенін айтты. Оның сөзінше, бұл салаларға ондаған жыл бойы жеткілікті көңіл бөлінбеген.
«Энергетика және коммуналдық шаруашылық – кез келген мемлекеттің тұғыры. Бұл негіз шайқалса, басқасы түгел күйрейді», – деді Мемлекет басшысы.
Президент арзан тарифтер мен төмен бағалар қоғамда қалыптасқан қате түсініктің салдары екенін де ашық айтты. Оның айтуынша, электр қуатының, жанар-жағармайдың және коммуналдық қызметтердің жасанды түрде арзандатылуы қарапайым халыққа емес, ірі кәсіпорындар мен ауқатты топтарға тиімді болған.
«Электр қуатының арзандығы көп балалы отбасыларға емес, ірі кәсіпорындарға тиімді болды. Ал арзан жанар-жағармайдың қызығын студенттер мен зейнеткерлер емес, билікке жақын жүрген кәсіпкерлер көрді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы тарифтердің төмен болуы әлеуметтік әділдік емес, жасырын субсидия екенін атап өтті.
«Тарифтің төмен болуы қарапайым адамдарға пайдалы деген жалған сенімнен арылатын уақыт жетті. Іс жүзінде бұл – ауқатты азаматтарға жасырын түрде берілетін субсидия», – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев тариф саясатын өзгерту шешімі оңай болмағанын да жасырмады.
«Шынымды айтайын, жеке абыройымды ойласам, мен де бұл жұмысты келесі басшылыққа ысыра салар едім. Бірақ мен үшін қағаз жүзіндегі емес, іс жүзіндегі нақты нәтиже бәрінен де маңызды», – деді ол.
Президенттің айтуынша, әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру үшін «кім қанша тұтынса, сонша төлейді» қағидатын орнықтыру қажет. Ал мемлекет көмекті тек шын мәнінде мұқтаж азаматтарға атаулы түрде көрсетуі тиіс.
Қазіргі таңда сараланған төлем жүйесі енгізіліп, су мен электр энергиясын үнемдеп пайдаланатын тұрғындар ең төмен тарифпен төлеу мүмкіндігіне ие болған. Мемлекет басшысы бұл қадам ел ресурстарын әділ бөлетін жаңа жүйе құруға жол ашатынын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын