$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тоқаев Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

Абдрахманов Мағжан
18 желтоқсан 2025, 09:20
Тоқаев Жапония Императоры Нарухитомен кездесті Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Күншығыс елінің Императоры Нарухитомен кездесуден басталды.

Кездесу барысында Президент Жапония тарапына жылы қабылдау мен қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс білдіріп, қазақ халқы жапон халқының тәртібі мен табандылығын әрдайым үлгі тұтатынын атап өтті.

«Біздің елдерімізді өзара құрмет пен көпжылдық достыққа негізделген, түрлі салада табысты дамып келе жатқан ынтымақтастық байланыстырады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Император Нарухито Қазақстан Президентінің сапары екі ел арасындағы қарым-қатынас тарихындағы маңызды оқиға екенін және бұл сапар ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретініне сенімді екенін айтты.

Кездесу барысында тараптар екжақты әріптестікті тереңдету және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Соңғы жаңалықтар