$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Тоқаев Вице-Президент пен Премьер-Министрдің кандидатураларын Құрылтайға ұсынады

Абдрахманов Мағжан
28 тамыз 2026, 12:04
Тоқаев Вице-Президент пен Премьер-Министрдің кандидатураларын Құрылтайға ұсынады Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың құрылымы жасақталғаннан кейін Вице-Президент пен Премьер-Министр қызметіне кандидаттарды депутаттардың қарауына ұсынатынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтататынын еске салды.

«Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге Вице-Президенттің және Премьер-Министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын», – деді Тоқаев.

Президент сонымен қатар жаңа лауазым – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындайтынын хабарлады.

Құрылтай мен Үкіметтің құрамы толық жасақталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жарияламақ.

Тоқаев Жолдауда айтылатын бастамаларды атқарушы және заң шығарушы билік бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар