$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринге бірқатар міндет жүктеді

Абдрахманов Мағжан
31 тамыз 2026, 13:00
Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринге бірқатар міндет жүктеді Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдап, оның алдына бірқатар нақты міндет қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Вице-Президент лауазымы Қазақстан Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Тоқаев Ерлан Қаринге Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президент атынан өкілдік етуді тапсырды.

Сондай-ақ Вице-Президент мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша Мемлекет басшысының ұстанымын жеткізуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар