$ 450.79 € 524.13 ₽ 5.31

Тоқаев Үндістан мен Оңтүстік Кореяға сапармен барады

Абдрахманов Мағжан
11 қыркүйек 2026, 10:08
Тоқаев Үндістан мен Оңтүстік Кореяға сапармен барады Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12-16 қыркүйек аралығында Үндістан мен Корея Республикасына сапармен барады. Мемлекет басшысы екі халықаралық саммитке қатысып, бірқатар жоғары деңгейдегі кездесу өткізеді.

12-13 қыркүйекте Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге жұмыс сапарымен барады.

Президент «Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбындағы «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы жалпы отырыста сөз сөйлейді.

Сапар барысында Тоқаев Нарендра Модимен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған.

Тоқаев Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барады

14-16 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен осы елге мемлекеттік сапармен барады.

15 қыркүйекте Сеулде екі ел басшылары жоғары деңгейдегі келіссөз жүргізеді. Кездесуде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.

Тоқаев Кореяның бірқатар ірі компаниясының басшыларымен де кездеседі.

16 қыркүйекте Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне қатысады.

Соңғы жаңалықтар