$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін тыңдады

Редакция
13 мамыр 2025 04:38 1229
Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін тыңдады Сурет авторы: Ақорда

Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық банктің жылдық есебі бойынша кеңес өтті.

Жиын барысында Мемлекет басшысына еліміздің макроэкономикалық жағдайы, ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, халықаралық резервтердің ахуалы, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Ұлттық қор активтері туралы есеп берілді.

Сондай-ақ Ұлттық банктің қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, республикалық бюджетті орындау, инфляцияны тежеу, ақша-несие саясатын жетілдіру, жаңа «Банктер және банк қызметі туралы» заң жобасының қабылдануы, нақты секторды несиелендіру көлемі және алтын-валюта резервтерінің жағдайы жан-жақты қаралды.

Соңғы жаңалықтар