$ 542.29 € 629.54 ₽ 6.77

Тоқаев ҰҚК мен ІІМ орынбасарларын тағайындады

Редакция
18 қыркүйек 2024 09:12 4464
Тоқаев ҰҚК мен ІІМ орынбасарларын тағайындады Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның күш құрылымдарында кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Оның орнына Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар