$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді

Абдрахманов Мағжан
28 тамыз 2026, 11:09
Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді Сурет авторы: Үкімет

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің өкілеттігін доғару туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат 28 тамызда Ақорда сайтында жарияланды.

Жарлықта жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты осындай шешім қабылданғаны жазылған.

Сонымен бірге қазіргі Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын», – делінген Жарлықта.

Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енді

Соңғы жаңалықтар