$ 465.08 € 536.52 ₽ 5.56

Тоқаев Трамптың шақыруымен АҚШ-тағы G20 саммитіне қатысады

Абдрахманов Мағжан
13 тамыз 2026, 11:34
Тоқаев Трамптың шақыруымен АҚШ-тағы G20 саммитіне қатысады Сурет авторы: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады. Мемлекет басшысы жиынға АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен барады, деп хабарлады Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.

Саммит 14-15 желтоқсанда Майами маңында өтеді. Қазақстан «Үлкен жиырмалық» құрамына кірмейді, алайда АҚШ тарапы елді саммитке шақырылған мемлекеттер қатарына қосқан.

Алдағы кездесуге дайындық мәселесін Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Пол Капур да талқылаған.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар G20 саммитінің күн тәртібі бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

Соңғы жаңалықтар